«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Корпоративтік фонды коммерциялық емес ұйымның қайта құрылуы (2004 жылдың 27 қыркүйегіндегі №22968-1958-Ф-д мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі) нысанында қайта ұйымдастыру нәтижесінде ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда «Қазатомөнеркәсіп-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды және «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Корпоративтік фонды коммерциялық емес ұйымның құқықтық мұрагері болып табылады.
Жарғылық капиталдың құрылымы:
«Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС жарғылық капиталы 13 074 315 129 теңгені құрайды. Жарғылық капиталындағы Қатысушылардың үлестерінің мөлшері:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 73,85 %;
- «АППАК» ЖШС - 5 %;
- «Ураниум Уан Холдинг Н.В.» компаниясы - 21,15%.
ЖЕКЕ-ДАРА АТҚАРУШЫ ОРГАН
2015 жылдың 11 ақпанынан бастап, «Қазатомөнеркәсіп-Даму» ЖШС-нің жеке-дара атқарушы органы болып Бас директор КАРИБЖАНОВ НУРБЕК ЖАНЫБЕКОВИЧ тағайындалды.